Головкин-Уорд жекпе-жегіне қатысты келіссөздер тығырыққа тірелді, - деп хабарлайды Vesti.kz ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
Головкин-Уорд жекпе-жегіне қатысты келіссөздер тығырыққа тірелді, - деп хабарлайды Vesti.kz ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
Келіссөздер жайында ақпаратқа ие BoxingScene ақпарат құралының мәліметінше, Roc Nation Sports (Уордтың тарапы) пен K2 Promotions (Головкин) тығырыққа тіреліп, кездесу ұйымдастыру мәселесі шешімін таппай жатыр. Ол боксшылардың дене салмағына байланысты болып тұр.
"Уордтың Головкинмен жұдырықтасқысы келеді, тіпті ол мұны келесі кездесуде жүзеге асыруды ойлайды. Бірақ 74,4 келі салмақпен ол болмайды", - деп жазады басылым.
Айта кетейік, ағылшын боксшысы Карл Фроч, кіші Чавес сынды мықтылармен 76,2 келі салмақта жұдырықтасуға келісім берген, ал қазақстандық боксшының салмағы одан төмен болғандықтан Уордпен кездесуге отандасымыздың командасы аса қатты құлшыныс білдіріп отырған жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің ең үздік боксшысы кіші Флойд Мейвезердің әкесі әрі бапкері үлкен Флойд Мейвезер Андре Уордты Головкинді "жоқ қылатын" боксшы деп атаған болатын. "Менің ойымша, Андре Уорд оны "ұнтақ" қылып жібереді! Андре Уорд оны оңай жеңетін еді, себебі Головкинде ондай икем жоқ. Ал Андре Уордта нағыз шеберлік бар, оның боксерлік дарыны тура менің ұлымдыкіндей, бәлкім асып түспейтін шығар, бірақ деңгейі менің ұлымдыкіндей. Сондықтан ол GGG-ны тұлға айналдырады", - деп келтірді ол кезде үлкен Мейвезердің сөзін ВКонтактедегі "Геннадий GGG Головкин" тобы.