Головкин Уордты мылжың болмауға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин Уордты мылжың болмауға шақырды ©Allboxing.ru

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин WBA тұжырымы бойынша әлемнің суперчемпионы Андре Уордтың сөзіне жауап қайтарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин WBA тұжырымы бойынша әлемнің суперчемпионы Андре Уордтың сөзіне жауап қайтарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осыған дейін Уорд Головкиннің атын атамауды шешкенін, себебі оның командасы бастапқы кезде батыл сөйлеп алып, кейін өз сөзінен айнып қалатынын айтқан болатын. Алайда қазақстандық боксшы америкалықтың бұл іске атақ үшін барғысы келгенін атап өтті.

"Ей, Уорд, оян! Біреулер үшін жауап бермей-ақ қой. Өзің үшін жауап бер. Өзіңді, кездесуіңді мен арқылы жарнамалап жатсаң, жігіт болып, мойында. НВО телеарнасымен кездесуде бізге жұдырықтасу туралы сұрақ қойылды, мен "иә" дедім, сен "жоқ" дедің", - деді Головкин. 

Сонымен қатар, Головкин бапкері Леффлерге қарата айтылған сөзге пікір білдірді. "Айдап салу мақсатында айтылған сөздеріңе Леффлер назар аудармайды. Саған деген қызығушылық баяғыда сөнген, ол сенің жарнамаңды жасайды десең қателесесің. Бірақ бәрі сенің кім екеніңді біледі, сондықтан да сенің жекпе-жектеріңе ешкім бармайды. Менің кіммен жұдырықтасатыным немесе жұдырықтасқаным сенің шаруаң емес. (...) Таңды атыра алмасаң, әтеш болып шақырудың қажеті жоқ. Орта салмақта жұдырықтасуға және 168-ге дейін көтерілуге дайынмын десем, мен өз сөзімде тұрамын. Ал сенімен әңгіме бітті. Сен мен үшін еркек ретінде өлдің", - деді GGG Allboxing.ru сайтына берген сұхбатында.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети