WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық Вилли Монро кішіге қарсы жекпе-жекте киіп шығатын қолғабын көрсетті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Қолғаптың суреті "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі GGG тобында жарияланды.

Головкин - Монро арасындағы жекпе-жек 16 мамырда Инглвуд қаласындағы "Форум" аренасында өтеді. Кездесу Астана уақыты бойынша 17 мамыр күні таңғы сағат 8.00-де басталады. Жекпе-жек "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Еске сала кетейік, осыған дейін Головкин мен Монро кіші салмақтарын өлшеткен болатын. Қазақстандық боксшы 72,12 келі, америкалық спортшы 72,57 келі болды. Айта кетейік, Головкин Twitter желісіндегі оқырмандарының сұрақтарына жауап берді.