Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) кубалық Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізуді міндеттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

18 қыркүйекте Сауль Канело Альварестен (58-2-2, 39 КО) жеңілген Головкин орта салмақта WBA Super титулының иегері. Ол, сонымен қатар, IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы. Ал 39 жастағы кубалық WBA тұрақты белбеуінің иегері.
"WBA чемпионат комитеті әлем чемпионы атағын қысқарту жоспары бойынша қосымша шешім қабылдағаннан кейін, супер орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкин мен оның міндетті қарсыласы Эрисланди Лара арасында жекпе-жек өткізуге бұйырды.
Келіссөздер кезеңі 30 күн және тараптарға хабарлама жіберілген 23 қыркүйекте басталып, 23 қазанға дейін жалғасады.
"Егер командалар келісімге келе алмаса немесе олардың біреуі одан бас тартса, жекпе-жек Головкиннің пайдасына 75 пайыз және Лараның пайдасына 25 пайыздық үлеспен аукционға қойылады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!