"Қазақстандық Геннадий Головкин WBC нұсқасы бойынша айдың үздік боксшысы деп танылды" деп хабарлайды tengrinews.kz Vesti.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Геннадий Головкин 18 қазан күні АҚШ-та (орта салмақта WBA (Super) және IBO бойынша) өз атағын абыроймен қорғады. Ол жекпе-жектің екінші кезеңінде мексикалық Марко Антонио Рубионы нокаутқа түсіріп, WBC нұсқасы бойынша уақытша чемпион белбеуін иеленді.
Головкин келесі жекпе-жегін 2015 жылы 21 ақпанда Монакода өткізеді деп күтілуде. Оның қарсыласы орта салмақтағы чемпиондықтан бұрынғы үміткер британдық Мартин Мюреей болмақ.