Головкин жекпе-жек қорытындысы жарияланғанда неге қуанды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин жекпе-жек қорытындысы жарияланғанда неге қуанды? © Тұрар Қазанғапов

Ресейлік танымал шолушы Александр Беленький YouTube желісінде Russian Fight Club арнасына берген сұхбатында Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегін қорытындылап, келісімшарттың қызықты жерлері мен төрешілік туралы сөз етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік танымал шолушы Александр Беленький YouTube желісінде Russian Fight Club арнасына берген сұхбатында Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегін қорытындылап, келісімшарттың қызықты жерлері мен төрешілік туралы сөз етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды. Төреші Дон Треле жекпе-жекте қос боксшыға да 114-114 ұпай берген. Аделаида Берд 118-110 Альвареске, ал Карл Моретти 115-113 есебімен Головкинге берді.

Беленькидің ойынша, Аделаида Берд әділетсіз шешімнің шыққанына байланысты назарды басқаға аудару қызметін атқарған. "Барлығы Бердті жерден алып, жерге салумен болды - бұл ұйымдастырушылардың кемеңгерлік қадамы болды. Берд сөзсіз әділетсіздікке барды, алайда оны төреші қылып сайлағанда-ақ ол өз дауысын Альвареске беретіні айдан анық болды, себебі ол мексикалықтың жанкүйері", - деді маман. 

Сонымен қатар, Беленький төрешілер шешімі жариланғанда Головкиннің көңіл күйі неліктен жоғары болғанына жауап берді. "Мен Геннадийді түсінемін, ол қуанышты, ол өзінен белбеулерін ұрлап алмағанына риза. Ол мұны ашық айтты. Қазақстандық боксшы енді реваншқа үміт артады. Жасың біразға келіп қалғанда сен қомақты қаражат иеленсең, тағы да алғың келіп тұрады. Егер мен қолымнан бірдеме келсе, мен сөзсіз көмегімді аямас едім, алайда әзірге ол үшін тек қуана аламын", - деді ол. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети