Головкин жеңіліп көрмеген боксшы мен экс-чемпионды жекпе-жекке шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин жеңіліп көрмеген боксшы мен экс-чемпионды жекпе-жекке шақырды Геннадий Головкин. Фото Tengrinews.kz мұрағатынан.

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин маусымдағы жекпе-жегіне қарсылас іздеп жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин маусымдағы жекпе-жегіне қарсылас іздеп жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz

Шолушы Дэн Рафаэльдің мәліметі бойынша, Головкин екі боксшыға жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс жасаған. Олар - әлі жеңіліп көрмеген канадалық боксшы Стив Роллс (19-0, 10 КО) пен Францияның атынан шығатын камерундық Хассан Н'Дам Н'Жикам (37-3, 21 КО). Франция өкілінде қазір WBS Silver титулы бар, бұрын WBO және WBА чемпионы болған еді. 

35 жастағы Н'Жикам бокс жанкүйерлері арасында бұрыннан танымал. Ал 34 жастағы Роллс 2018 жылдың желтоқсанында ғана алғаш рет 10 раундтық жекпе-жек өткізді. Канадалық боксшы сол кезде USBA тұжырымы бойынша АҚШ чемпионы атанған еді. 

Рафаэльдің ақпаратына сүйенсек, Головкин 164 фунтқа дейінгі салмақта жұдырықтасуды жоспарлап отыр. Бұған дейін ол орта салмақта (160 фунт) өнер көрсеткен болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети