Головкин жеңіліп көрмеген қазіргі үздік боксшылардың бестігінде

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин жеңіліп көрмеген қазіргі үздік боксшылардың бестігінде Геннадий Головкин © vk.com/ggolovkin

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) ұлыбританиялық BoxNation телеарнасы жасаған жеңіліп көрмеген 5 үздік боксшының тізіміне енді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) ұлыбританиялық BoxNation телеарнасы жасаған жеңіліп көрмеген 5 үздік боксшының тізіміне енді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Теларнаның сайтында жарияланған видеода Головкин сегіз боксшының ішінде төртінші орынға жайғасқан. Қазақстандық былғары қолғап шебері 36 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жеткен, оның 33-ін уақытынан бұрын аяқтаған. Оған қоса, ол орта салмақтағы ең үздік нокаутшы. GGG 23 кездесуін нокаутпен аяқтап аяқтап, 18 мәрте атағын сәтті қорғап қалған.

Телеарнаның пікірінше, Головкин ең үздік жеңісіне канадалық Давид Лемьеге қарсы кездесуде жеткен. Қазақстандық боксшыны тізе біктіруге тек мексикалық Сауль "Канело" Альварес қауқарлы деп санайды BoxNation.

BoxNation рейтингі:
1. Роман Гонсалес (46-0)
2. Ваенхонг Менайотин (45-0)
3. Деонтей Уайлдер (38-0)
4. Геннадий Головкин (36-0)
5. Майки Гарсия (36-0)
6. Хильберто Рамирес (34-0)
7. Дэнни Гарсия (33-0)
8. Терри Флэнаган (32-0).

Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақал трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети