WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкинді канадалық Давид Лемьемен жекпе-жегінен кейін жанкүйерлеріне жақындатпай қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның видеосын Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына Rumi Bekxosha деген қолданушы салды. Кездесу біткеннен кейін жанкүйерлер Головкиннен өздеріне жақындауды сұраған. "Гена. Бізге жақында, өтінеміз. Гена, Майқұдық, Қарағанды!", - деп айғалаған жанкүйерлер. Алайда Головкин бірнеше күзетшінің арасынан шығып келе алмай қалады. "Жігіттер, салам. Кешіріңдер, жібермей жатыр", - дейді Головкин.
Еске салайық, Головкин - Лемье жекпе-жегі 18 қазанда таңғы уақытта Нью-Йоркте өтті. Қазақстандық боксшы қарсыласын сегізінші раундта нокаутқа түсірді. Осылайша Головкин Лемьеден IBF титулын тартып алды. Ол жеңістер сериясын 21-ге дейін созып отыр.