Канадалық боксшы Давид Лемье Геннадий Головкинмен келешекте кездескен жағдайда жеңіске жететінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Канадалық боксшы Давид Лемье Геннадий Головкинмен келешекте кездескен жағдайда жеңіске жететінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Екі боксшы 2015 жылдың 17 қазанында Нью-Йорктің Maddison Square Garden аренасында жұдырықтасқан еді. Кездесу барысында Лемье сегізінші раундта жеңіліп, IBF чемпиондық атағынан айырылған болатын.
"Маған ойлануға уақыт керек. Бұл маған ауыр тиген жоқ, мен рингке бұдан да мықты болып ораламын. Головкин жақсы боксшы, дегенмен мен өз күшіме сенемін, болашақта оны жеңетініме күмәнім жоқ", - деді Лемье. Айта кетейік, канадалық боксшының келесі қарсыласы Сауль Альварес болуы мүмкін. Олар келісімге келе алған жағдайда жекпе-жек 2016 жылдың 7 мамырында өтеді. Осыдан кейін Альварес Головкинмен кездесуге міндетті.