Багам елінің орта салмақта жұдырықтасатын боксшысы Туреано Джонсон қазақстандық Геннадий Головкинді жеңе алатын жалғыз адам екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды vRINGe.com.
Багам елінің орта салмақта жұдырықтасатын боксшысы Туреано Джонсон қазақстандық Геннадий Головкинді жеңе алатын жалғыз адам екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды vRINGe.com.
Сонымен қатар, Джонсон (17-1, 12 КО) Матвей Коробовқа қарсы кездесуден бас тартып, титулынан айырылып қалған Питер Куиллинді сынады. "Мен сендерге Питер "Балапан" емеспін. Барлығы оны Питер Куиллин деген атпен таниды, ал мен үшін ол Питер "Балапан" деген атпен таныс. Матвей Коробов сияқты боксшыға қарсы шықпау үшін титулдан айырылу дегеніңіз - масқара болу. Чемпиондар үздіктермен жұдырықтасуы керек. Өкінішке орай, ол уақыт артта қалып қойды, бірақ мен сол күндерді қайтарғым келеді", - деп мәлімдеді багам боксшысы.
Десе де, ол қазақстандық боксшы туралы жақсы пікір айтты. "Ал Геннадий Головкинді мен құрметтеймін. Оның жеңісі көп, жеңілісі жоқ. Оның жетістігін айтпай өтуге болмайды. Ол өз қарсыластарының көпшілігін нокаутқа түсірді. Менен басқа біреу шығып, оған нағыз тексеріс өткізіп, жеңіске жете алады деп ойламаймын. Мартин Мюррей? Оның сенсация жасауға мүмкіндігі бар, бірақ ол жеңеді дегенге күмәнім бар", - деді Джонсон.
Еске сала кетейік, WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин осы жылы 21 ақпанда Монакода ағылшын боксшысы Мартин Мюррейге қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл екі боксшыға да кәсіби рингтегі 32-кездесу болады. Головкин бұған дейінгі жұдырықтасулардың барлығында да жеңіске жетті, оның ішінде 28 кездесуінің 18-інде ол рингтен уақытынан бұрын кетіп жүрді. Ал Мюррей 29 рет жеңіске жетті (12-сін уақытынан бұрын аяқтады), бір жеңіліс тауып, бір рет тең түсті.