Алғашқы орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Руслан Проводников 16 қыркүйекте өтетін қазақстандық Геннадий Головкин және мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жекке қатысты өз ойын айтты, - деп хабарлайды Allboxing.ru.

"Әлемдік бокс жұлдызы "Канело" мен қазіргі кезде ең мықты боксшының жұдырықтасуы - бұл қызықты және бокс әлеміне керек жекпе-жек сияқты. Болжам - бұл қажетсіз дүние, мен ондайға қарсымын, оның үстіне бұл боксқа қатысты болса, дәл келуі екіталай. Дегенмен Гена мексикалықтан барлық жағынан басым сияқты. Мүмкін жылдамдық жағынан кем болар. Жекпе-жектің қорытындысы "Канелоның" қаншалықты мықты, Генаның шабуылдарына қаншалықты төтеп бере алатынына байланысты болады. Өйткені ол соққылардан жақсы қорғана алмайды. Дегенмен ештеңеге таңдануға болмас. Өзімнің тәжірибемде бар - мықты деген жігіттер менен бір-екі соққы алғаннан кейін тайсақтап қалады. Менің әрдайым айтатыным - жекпе-жек бәрін көрсетеді, дегенмен, мен Генаға сенемін! Барлығына сәттілік!
Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Қазірдің өзінде бұл бокс кешінің билеттері сатылып кеткен. АҚШ жерінде жекпе-жекті НВО арнасы ақылы жүйе бойынша көрсетеді.