Головкинді айыптай бастайтынын 5 жыл бұрын айтқан едім - Абель Санчес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкинді айыптай бастайтынын 5 жыл бұрын айтқан едім - Абель Санчес © Prosports.kz

Қазақстандық Геннадий Головкинді жаттықтыратын америкалық бапкер Абель Санчес Sky Sports басылымына берген сұхбатында тәлімгерлерінің кез келген допинг тексерісіне дайын екенін айтады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Геннадий Головкинді жаттықтыратын америкалық бапкер Абель Санчес Sky Sports басылымына берген сұхбатында тәлімгерлерінің кез келген допинг тексерісіне дайын екенін айтады. 

Ақпанның басында Головкин қарымта жекпе-жек өткәзу керек болған мексикалық Сауль "Канело" Альваретің қанына кленбутерол атты допинг табылған. Боксшының командасы мұны тамаққа қолданған еттің зақымдануымен түсіндірді. 

"Бес жылдай бұрын Том Леффлерге (Головкиннің промоутері) Геннадийдің бокстағы жолында адамдар оны айыптай бастайтын кезең келгенін айтқам. Мен қажетті тестілерді өтуге өзіміз ынта білдіре алатынымызға көз жеткізгім келді. Менің залым олар қалаған кез келген тестке дайын. Алғашқы жекпе-жекте тест мерзімі 45 күн болған еді. Осы жолы 90 күн болуын қаладым, көрермендер тыйым салынған ештеңенің жоқтығына, біздің мүмкіндіктеріміз тең екеніне көз жеткіззсін деген ниетпен", - дейді Санчес. 

Мұның алдында Санчес Альваресті тергеу толық тексеруді талап еткен. Өйткені Головкиннің қанынан допинг табылған жағдайда мексикалықтың командасы жекпе-жектен бірден бас тартатын еді деген ой айтқан. 

Головкин - "Канело" қарымтасы 5 мамырға белгіленген. Өтетін орны ретінде Лас-Вегастағы T-Mobile аренасы тағдалған. Әзірге жекпе-жекті шегеру немесе болдырмау туралы ресми хабар болған жоқ. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети