Головкинді соққыға жығатын боксшы әлі туған жоқ - ресейлік кәсіпқой

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкинді соққыға жығатын боксшы әлі туған жоқ - ресейлік кәсіпқой © MMABoxing

Алғашқы орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Руслан Проводников 16 қыркүйекте өтетін қазақстандық Геннадий Головкин және мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жекке қатысты өз ойын айтты, - деп хабарлайды Allboxing.ru.


Алғашқы орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Руслан Проводников 16 қыркүйекте өтетін қазақстандық Геннадий Головкин және мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жекке қатысты өз ойын айтты, - деп хабарлайды Allboxing.ru.

"Әлемдік бокс жұлдызы "Канело" мен қазіргі кезде ең мықты боксшының жұдырықтасуы - бұл қызықты және бокс әлеміне керек жекпе-жек сияқты. Болжам - бұл қажетсіз дүние, мен ондайға қарсымын, оның үстіне бұл боксқа қатысты болса, дәл келуі екіталай. Дегенмен Гена мексикалықтан барлық жағынан басым сияқты. Мүмкін жылдамдық жағынан кем болар. Жекпе-жектің қорытындысы "Канелоның" қаншалықты мықты, Генаның шабуылдарына қаншалықты төтеп бере алатынына байланысты болады. Өйткені ол соққылардан жақсы қорғана алмайды. Дегенмен ештеңеге таңдануға болмас. Өзімнің тәжірибемде бар - мықты деген жігіттер менен бір-екі соққы алғаннан кейін тайсақтап қалады. Менің әрдайым айтатыным - жекпе-жек бәрін көрсетеді, дегенмен, мен Генаға сенемін! Барлығына сәттілік!

Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Қазірдің өзінде бұл бокс кешінің билеттері сатылып кеткен. АҚШ жерінде жекпе-жекті НВО арнасы ақылы жүйе бойынша көрсетеді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.33   566.72   6.77 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +23
Ақтау +27
Ақтөбе +22
Атырау +30
Б
Балқаш +29
Ж
Жезқазған +25
Қ
Қарағанды +23
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +28
Қызылорда +26
П
Павлодар +22
Петропавл +30
С
Семей +32
Т
Талдықорған +30
Тараз +32
Түркістан +23
О
Орал +27
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер