18 қазан 2018 | 09:28

Головкинге басты қарсылас аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин карьерасындағы бірінші жеңілісінен кейін рингке 2019 жылдың көктемінде оралады. Бұл туралы қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин карьерасындағы бірінші жеңілісінен кейін рингке 2019 жылдың көктемінде оралады. Бұл туралы қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Леффлердің сөзінше, рингке Головкин наурызда немесе мамырда оралады. GGG-ге негізгі қарсылас ретінде орта салмақтағы WBA Regular титулының иегері Риота Мурата аталып отыр. Жапон оған дейін 20 қазанда Лас-Вегаста америкалық Роб Брантты жеңуі тиіс. Промоутер бұл кездесуге баратынын айтты. 

Чемпион жеңіске жеткен жағдайда Леффлер Муратаның промоутерлерімен Жапонияда кездесу өткізу туралы келісуге ниетті.

"Мурата Брантты демалыс күндері жеңсе, ол бізге қызықты нұсқа ретінде қарастырылады. Хонда мырзамен (Муратаның со-промоутері) және Top Rank-пен қарым-қатынасымыз жақсы. Бұл кездесуді ұйымдастыруға әбден болады. Геннадий әрқашан халықаралық деңгейде жұдырықтасуды қалады. Головкиннің бұл кездесуге не тігетінін және Муратаның Жапонияда қандай жоғары рейтингтерге қол жеткізіп жүргенін білеміз, ол өте танымал", - деді Леффлер. 

15 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен кездесуде Головкин төрешілердің шешімімен мексикалық Сауль "Канело" Альвареске есе жіберіп, орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылған болатын. Бұл қазақстандықтың алғашқы жеңілісі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети