"WBA (Super) және IBO нұсқасында орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің австралиялық Дэниэл Гилмен болатын кездесуге дайындалу барысында оның спарринг-партнерлары болған боксшылардың есімдері белгілі болды" деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz ақпарат құралына сілтеме жасап.
Олардың қатарында Виргин аралынан шыққан атақты боксшы Джулиана Джексонның (55-6, 49 КО) ұлдары - Джон Джексон (18-2, 15 КО) мен Джулиус Джексон (17-0, 13 КО), екінші орта салмақта бұрынғы чемпиондықтан үміткер британдық Джордж Гроувс (19-2, 15 КО) және орта салмақтағы 2012 жылғы Олимпиада чемпионы жапондық Риота Мурата (4-0, 4 КО) бар.
Геннадий Головкин мен Дэниэл Гил арасындағы жекпе-жек 27 шілде күні таңертең Нью-Йорктегі Madison Square Garden үлкен аренада өтеді. Жекпе-жек HBO телеканалы арқылы тікелей эфирден көрсетіледі, Ал Қазақстанға бұл жекпе-жекті KazSport спопрттық каналы тарататын болады. Жекпе-жек 27 шілде күні Астана уақытымен 08:00 де басталады.