Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (37-0, 33 КО) қазақ тілінде арналған рэп орындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тлішісі.

Орындаушы Қуаныш Назаров (Ars Production) қазақстандық боксшы туралы ән жазды. "Біз үшін Геннадий Головкин - ұлттық GGGерой (қаһарман). Майқұдықтан шыққан қарапайым жігіт өзінің талабы мен еңбегінің арқасында барлығына қол жеткізді. Соңғы жекпе-жегі ән шығаруға шабыттандырды. Бұл әнді ең мықты боксшыға арнаймыз", - делінген жарияланған видеоның астында.
Осыған дейін "Ақын Ақыныч" лақап атымен танылған өнерпаз Андрей Фендриковта Головкинге арнап ән шырқап, домбыра шертті. Сондай-ақ әнші Диана Шарапова Геннадий Головкинге арнап клип түсірген.
Еске салайық, қазақстандық боксшы, 19 наурызда Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.
"Қазақстан" телеарнасында Головкиннің жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Таяуда қазақстандық тарап WBC президенті Маурисио Сулейманмен кездеседі екен.