11 қаңтар 2017 10:11

Головкинге кім екенімді жұдырықпен түсіндіремін - Джейкобс

ПОДЕЛИТЬСЯ

© boxingscene.com © boxingscene.com

WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) баспасөз конференциясында қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) өтетін жекпе-жекте тек жеңіске жетуді көздеп отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) баспасөз конференциясында қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) өтетін жекпе-жекте тек жеңіске жетуді көздеп отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен бүкіл әлемге мықты екенімді дәлелдеуім керек. Мен барша әлемді таңғалдырмақшымын - сіздер орта салмақтағы жаңа әлем чемпионын көресіздер. Головкин орта салмақтағы боксшылардың үздігі болып саналады, бірақ біз де орта салмақтағы үздік боксшы атана аламыз. WBA жекпе-жекті белгілеместен бұрын, мен Серхио Моромен өткен кездесуден кейін Головкинді де жекпе-жекке шақырған болатынмын. Рингте Головкинге кім екенімді жұдырықпен түсіндіремін. Менің командамның тамаша жоспары бар. 18 наурызда таңғаларлық жекпе-жек болады", - деді Джейкобс.

Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Сондай-ақ, осыған дейін Головкин-Джейкобс жекпе-жегін Нью-Йоркке барып көру құны қанша екені хабарланған болатын. Басылымның мәліметінше, қазақстандық турфирмалардың бірі ең арзан бағаны ұсынып отыр - 1380 доллар (455 мың теңге). Осы сомаға барып қайту (580 доллар), виза (190 доллар), Madison Square Garden аренасынан 200 метр жерде орналасқан Pensylvania қонақүйі (екі орындық бөлме 350 доллар, бір орындық 680 доллар), жекпе-жекке билет (ең арзаны - 253 доллар) және сақтандыру (жеті доллар) кіреді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети