Головкинге лайықты қарсылас табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкинге лайықты қарсылас табылды

Орта салмаққа ауысқан Хайме Мунгияның (35-0, 28 КО) промоутері Фернандо Бельтран (Promociones Zanfer) мексикалық боксшы үшін лайықты қарсыласты атады, - деп хабарлайды Boxingscene.com.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмаққа ауысқан Хайме Мунгияның (35-0, 28 КО) промоутері Фернандо Бельтран (Promociones Zanfer) мексикалық боксшы үшін лайықты қарсыласты атады, - деп хабарлайды Boxingscene.com.

"Барлығы да белгілі. Бұл - Геннадий Головкин. Қазақстандық боксшы Мунгия үшін лайықты қарсылас деп білемін. Оның жасы 36-ға келді. Ол бұрынғыдағыдай мықты емес. Ол осыдан үш-төрт жыл бұрынғы нокаутшы емесі анық. Оның әрекет етуі бәсеңдеп жатыр. Жіберген соққылары да көп. Сол үшін де Мунгия үшін осы жекпе-жек маңызды деп ойлаймын", - дейді Фернандо Бельтран.

Айта кетейік, 12 қаңтарда АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антониода Мунгия ирландиялық Гэри О'Салливанмен (30-3, 21 KO) жұдырықтасты. Мексикалық боксшы 11-раундта қарсыласын нокаутқа түсірді.

"Промоутер ұсынған адаммен жұдырықтасуға дайынмын, - деді мексикалық боксшы. - Менде бірнеше нұсқа бар. Асығудың қажеті жоқ, барлығын да ретімен істеймін. Бізге тиімдісін жасаймыз. Жаңа салмақта өзімді жақсы сезінемін. Алайда көптеген дүниелерді дұрыстау қажет: қозғалыс, қорғаныс және шабуыл. Мақсатымызға жақын қалдық деп ойлаймын". 

Кездесуден соң Мунгия орта салмақтың чемпиондарына жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс тастады. Жаңа салмаққа ауысу үшін ол бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағынан бас тартты. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети