Головкинге қарымта жекпе-жекте "Канелоны" қалай жеңуге болатыны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкинге қарымта жекпе-жекте "Канелоны" қалай жеңуге болатыны айтылды Сурет: RingSide24

Boxingnews24.com порталының шолушысы Дэн Эмброуз өз ескертпесінде орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) алғашқы жекпе-жекте қандай қиындықтарға тап болғанын жазған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Boxingnews24.com порталының шолушысы Дэн Эмброуз өз ескертпесінде орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) алғашқы жекпе-жекте қандай қиындықтарға тап болғанын жазған. 

Боксшылардың алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегастағы T-Mobile аренасыда өтіп, тең аяқталған. Биыл қыркүйекте олар қарымта кездесу өткізеді. 

Эмброуздың ойынша, Головкиннің Альвареспен алғашқы жекпе-жекте басты қиындақтары мынадай болған:

- Нәтижелі қимылдай алмау;

- Денеге соққы жасай алмау;

- Қол жылдамдығының болмауы;

- Негізінен джеб қана ұру шешімі салдарынан жылдам әрі күшті соққыға қалу;

- Күшті соққыларын мүлт кетіру.

"Егер Головкин қарымтада жеңгісі келсе, жақсы қимылдай алуы керек, өйткені, "Канело" кеш бойы рингте тоқтаусыз қозғалады. "Канело" әр раундтың үш минутында да қозғалмай, бір орында жұдырықтаспайды, өйткені оның бұған шамасы да келмейді. "Канело" қашықтық сақтап жүріп, демалып алады. Егер Головкин оның қасында тұрып, қозғалуға бөгет болса, жекпе-жек басқаша аяқталуы мүмкін. Бірақ "Канелоны" титықтату үшін GGG ұзақ уақыт ауыр соққыларға шыдауы керек болады", - деп жазыпты ол. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети