Головкинге Рио Олимпиадасына қатысуға тыйым салынды

16 Наурыз 2016, 10:31
0
Головкинге Рио Олимпиадасына қатысуға тыйым салынды - © REUTERS
© REUTERS

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) осы ұйымның чемпиондарына Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысуға тыйым салды, - деп хабарлайды vRINGe.com.

"WBC жоғары дәрежедегі кәсіби боксшылардың ешқайсысы Олимпиада ойындарына қатыспайды деп үміттенеді. Себебі бұл өте қауіпті. Осы мәселе түбегейлі шешілмейінше, шараның форматы толықтай анықталмайынша, WBC рейтингтегі үздік 15 боксшыға Рио Олимпиадасына қатысуға тыйым салады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы (AIBA) кәсіпқой боксшыларға Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік берген болатын.

Айта кетейік, WBC тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы титулына Сауль "Канело" Альварес ие. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин болса WBC (Interim) тұжырымының чемпионы.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай