Американың аты аңызға айналған боксшысы Майк Тайсон таяуда ғана Мәскеуде өз автобиографиялық кітабын таныстырды. Бұл оқиға ресейлік БАҚ-тарда кеңінен талқыланды, "Советский Спорт" газетінің тілшілері қазіргі боксшылардың ішінде кім өзі туралы жаза алатынын, шығармасында нақты не туралы жазылатыны жайлы сұрап, ұсыныс жасады. Олар ұсынған боксшылардың ішінде қазақстандық Геннадий Головкин де бар.

Журналистердің айтуынша, GGG кітабына Александр Островскийдің пьесасындағыдай - "Найзағай" ("Гроза") деген атау дәл келеді. Бұл кітапта, басылымның пікірінше, бастысы "қан, мол қан, талқандалған қарсыластар, ұшқан қолғаптар, жымиыс, құрмет, Қазақстан, Чавес және Уорд" болады.
"Советский спорт" тілшілері Бернард Хопкинс, Василий Ломаченко және басқалардың да кітап авторы болатынына сенеді. Олардың кітабы не жайында болатынын мына жерден оқи аласыздар.
Еске салайық, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін 19 қазан күні АҚШ-тың Карсон қаласында мексикалық Марк Антонио Рубиоға қарсы өткізді. Головкиннің WBA (Super) және IBO Рубионың WBC тұжырымының уақытша чемпиондық атағы сарапқа салынған кездесудің екінші раундында отандасымыз қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. Осылайша, ол мерзімінен бұрын 18 жеңіске жетіп, 28 қарсыласын нокаутқа жіберді, сонымен бірге, P4P рейтингінде көтеріліп, әлемнің үздік нокаутшысы статусын жоғарылатты.