Головкинмен 14 жыл бұрын жұдырықтасқан боксшы одан кек алмақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкинмен 14 жыл бұрын жұдырықтасқан боксшы одан кек алмақ Энди Ли. © boxnews.com.ua

WBO тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы, ирландиялық боксшы Энди Ли WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен біріккен жекпе-жек өткізудің мүмкіндіктерін қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBO тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы, ирландиялық боксшы Энди Ли WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен біріккен жекпе-жек өткізудің мүмкіндіктерін қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен оның белбеулерін тартып алғым келеді. Оның белбеулері ұнайды. Әдемі. Титулыңның болғаны жақсы, себебі негізгі позицияда боласың әрі сенімен бәрі санасады. Мен оның белбеуін тартып алғым келеді, бірақ ол да менікіне шүйлігіп жүр. Мен ол үшін жолбарыспын, ол да мен үшін жолбарыс", - деп мәлімдеді Ли. 

Сонымен қатар, ол әуесқой бокста қазақстандықтан жұдырықтасып көргенін, бірақ одан кейін өзінің де, Головкиннің де өзгергенін атап өтті. "Өте қиын жекпе-жек болды. Ол әуесқойлар арасында әлем чемпионы болды, мен болсам 18 жастағы жігіт едім, оның қандай боксшы екенін ол кезде кім біліпті. Шын мәнінде жеңілістің ащы дәмін таттым, бірақ қазір жағдай басқа. Жекпе-жек 14 жыл бұрын болған, қазір екеуміз де кемелдендік", - деді ирланд боксшысы. Оның сұхбатын толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске салайық, 16 желтоқсанда Энди Ли өзінің титулын қорғап қалу үшін жеңілісті білмейтін 26 жастағы Билли Джо Сондерспен кездесу өткізеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети