Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев АҚШ-та кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегін өткізді. Оның қарсыласы мексикалық Мартин Мартинес болды, оны қазақстандық боксшы төртінші раундта нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мәдиев GGG Promotions промоутерлік компаниясының атынан шығады және үнемі Абель Санчестің қол астында, Геннадий Головкинмен бірге бір залда жаттығады. Ол өткен жылы қыркүйекте бірінші жартылай орта салмақта тұңғыш рет жұдырықтасып, мексикалық Абдиэль Рамиресті жеңді.
25 жастағы Мәдиев әлі жеңіліп көрген жоқ, оның қоржынында 11 жекпе-жек, 11 жеңіс бар, олардың онын АҚШ-та өткізген.
27 жастағы Мартинес 14-нші рет жеңілді, оның қоржынында 18 жеңіс бар және бір рет қарсыласымен тең түскен.