Головкинмен жекпе-жектен бас тартқан боксшы жеңілмеген қазақстандықпен жұдырықтасуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкинмен жекпе-жектен бас тартқан боксшы жеңілмеген қазақстандықпен жұдырықтасуы мүмкін © Boxing Action Magazine

Багамалық боксшы Туреано Джонсон (21-2-1, 15 КО) Tribune242.com порталына берген сұхбатында келесі жекпе-жегінде орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановпен (13-0, 8 КО) жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Багамалық боксшы Туреано Джонсон (21-2-1, 15 КО) Tribune242.com порталына берген сұхбатында келесі жекпе-жегінде орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановпен (13-0, 8 КО) жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спорт порталының мәліметінше, Джонсон ісін жүргізетін Golden Boy компаниясы кездесуді 20 желтоқсан Нью-Йоркетегі Madison Square Garden аренасында өткізу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Промоутерлердің мақсаты - багамалықты чемпион титулына дейін жеткізу.

"Дайынмын. Әлемнің үзідігі болғым келеді, сондықтан бұл мақсатыма апаратын келесі қадам болады", - деді Джонсон.

Шілдеде өткен соңғы жекпе-жегінде 35 жастағы Джонсон ирландиялық Джейсон Куиллиді (16-1, 12 КО) нокаутпен жеңіп, NABF тұжырымынша Солтүстік Америка чемпионы белбеуін иеленген. Ал 26 жастағы Нұрсұлтанов мексикалық Кристиан Оливастан (16-6, 13 КО) басым болып, WBC жүйесіндегі АҚШ чемпионы (USNBC) титулын жеңіп алған.

Айта кетейік, 2016 жылы Джонсон IBF белбеуіне міндетті қарсылас атанып, қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жұдырықтасуға жақын еді. Алайда жарақат салдарынан жекпе-жекке шыға алмады. Оның орнына қазақстандық боксшы америкалық Доминик Уэйдпен (20-1, 14 КО) жұдырықтасып, екінші раундта нокаутқа түсірген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети