Мексикалық кәсіпқой боксшы Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен қарымта кездесуді келесі жылдың мамырында өткізу үшін қолынан келетіннің бәрін жасайтыны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды BoxingScene.

"Қарымта мен үшін басты мақсат. Қазір демалысқа шыққым келеді, жекпе-жекті мамырда өткіземіз деген мақсат бар. Қолымыздан келгеннің бәрін істейміз. Енді бәрі оларға байланысты (Головкиннің командасына), олар қарымта кездесу өткізгісі келе ме, жоқ па соған. Жеке мен жекпе-жекті қалаймын. Келіссөздер жүргізу керек: барынша мамырда", - дейді Альварес.
Мұның алдында белгілі америкалық спорт шолушысы Дэн Рафаэль Эрик Гомес пен Том Леффлер келесі аптада кездесіп, Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі туралы келіссөз өткзбек екені туралы жазған.
Еске слайық, боксшылардың алғашқы жекпе-жегі 16 қыркүйекте өтіп, төрешілер шешімі бойынша қарсыластар тең түскен.
Екінші жекпе-жек 2018 жылы 5 мамырда өтуі мүмкін екені айтылып жатыр. Дегенмен Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Головкин мен "Канело" арасындағы қарымта кездесу жақын уақытта өтукерек деген шешім шығарды.