Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуіміз әбден мүмкін - Сауль Альварес

© univision.com

Мексикалы? боксшы Сауль "Канело" Альварес орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) ?шінші кездесу ?ткізу ?бден м?мкін екенін алайда екінші кездесуді? ?орытындысын к?ту керектігін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) үшінші кездесу өткізу әбден мүмкін екенін алайда екінші кездесудің қорытындысын күту керектігін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуіміз әбден мүмкін. Бірақ екінші жекпе-жектің қалай аяқталатынын көру керек. Бірінші жекпе-жектен соң Головкинмен бірталай келіссөз жүргізілді, міне, шаршы алаңда қайта жүздесетін болдық. Көрерменге осы кездесу ұнайды деп сенемін", - деді Альварес BoxingScene басылымына. 

Головкин мен Альварес 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездеседі. Олар бірінші рет 2017 жылы 16 қыркүйекте Лас-Вегаста кездескен еді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама