Головкинмен жұдырықтасқан үздік қарсылас аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкинмен жұдырықтасқан үздік қарсылас аталды

Bad Left Hook басылымы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен кездескен үздік қарсыласты атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Bad Left Hook басылымы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен кездескен үздік қарсыласты атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Портал әлем боксындағы жекпе-жектерге превью жасап, оған ағылшын Мартин Мюррей мен ресейлік Дмитрий Чудиновтың жекпе-жегін де қосқан. Кездесу 12 қарашада Монакода өтеді. "Мюррейдің Головкинге қарсылас болған үздік боксшы екенін мойындау керек. Кездесу ұзаққа созылып, 11-ші раундта ғана аяқталды", - деп жазады басылым.

Басылымның пікірінше, Мюррей суперорта салмаққа ауысуы арқылы қателік жасаған, себебі ол "Головкинның әсерінен азап шегеді" екен. "Егер Мюррей шын мәнінде Головкинның әсерінен азап шегетін болса, онда Мэттью Маклин, Марко Антонио Рубио және Дэниэл Гилл секілді жеңіліс табуы ғажап емес", - дейді Bad Left Hook тілшісі.

Еске салайық, 34 жастағы Мюррей 2015 жылдың 21 ақпанында Головкиннен жеңіліп қалған болатын. Кездесу барысында ағылшын боксшысы екі мәрте нокдаунда болып, жекпе-жек 11-ші раундта тоқтатылған. Головкинның мансабында бұл жекпе-жек өте ұзаққа созылған кездесу болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети