1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Головкиннен жеңісті қалай тартып алды? Төрешінің сұхбаты мен толық талдау

YouTube хостингіндегі "Ветеран второразрядник" арнасының авторы Boxingscene.com сайтында жарияланған CompuBox статистикасына және

© extra.ie

YouTube хостингіндегі "Ветеран второразрядник" арнасының авторы Boxingscene.com сайтында жарияланған CompuBox статистикасына және төрешілердің жазбаларына жүгіне отырып, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегіне толық талдау жасады.

Боксшылардың барлық соққысын мұқият санап шыққан соң блогер төрешілердің қалайша қазақстандық боксшының пайдасына дауыс бермегені жайлы сауал қояды. "Мен Головкин жеңді деп ойлаймын", - деп айтып өтті ол.

Ал Los Angeles Times журналисі Анхель Родригес екінші төреші Дон Треллге назар аударуды сұрайды. Дон Трелл 7-раундта "Канелоға" дауыс берген, ал Моретти мен атышулы Аделаида Бердтің өзі бұл раундта дауысты Головкинге берген. Artorias Boxing мәліметіне сүйенетін болсақ, Головкин 7-раундты таза жеңіспен өткізді.

Сондай-ақ, Желіде 2013 жылы болған жекпе-жектердің бірі түсірілген видео пайда болды. Онда жеңісті 118-110 есебімен Альвареске берген төреші Аделаида Берд кейінірек өзінің әрекетін түсіндіріп берген.