Головкиннен өлердей қорқамын - Джейкобс

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкиннен өлердей қорқамын - Джейкобс "ВКонтакте" \ Геннадий GGG Головкин

Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) қазақстандық Геннадий Головкиннен (36-0, 33 КО) өлердей қорқатынын мойындады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) қазақстандық Геннадий Головкиннен (36-0, 33 КО) өлердей қорқатынын мойындады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Америкалық осы қорқынышын GGG-ге қарсы басты қаруы етпекші. Джейкобстың пікірінше, үрей оның мүмкіндігін аша түседі.

"Әрине, бұл мен үшін шың, үлкен сынақ. Өлердей қорқамын. Кім қорықпасын? Бұл өмірдегі ең үлкен сынақ және менің қорқатыным жамандықтың белгісі емес, себебі адам әрі спортшы ретінде қорқынышың болуы тиіс. Сол үрей арқылы ыждаһатпен дайындалып, өзіңнен асып түсуің керек. Бұл қорқыныш өзің елестеткеннен де зор мүмкіндік ашуы мүмкін", - дейді америкалық боксшы. 

Сонымен қатар, ол Головкиннен адам ретінде немесе спортшы ретінде емес, оны4 толысқан деңгейінен қорқатынын айтады. "Сондықтан мен әлемдегі ең қорқақ жігіт ретінде жаттығамын, бұдан мен одан бетер ашығамын. Қорыққан адам ең қауіпті болады деп жатады. Діттегенім осы", - деп мәлімдеді Джейкобс VRinge.com басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Желіде Джейкобстың жаттығуында түсірілген видео мен суреттер пайда болды. 

Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йорк қаласында Madison Square Garden аренасында америкалық боксшы Дэниэл Джейкобспен (32-1-0, 29 КО) жұдырықтасатын болады. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети