Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) қазақстандық Геннадий Головкиннен (36-0, 33 КО) өлердей қорқатынын мойындады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) қазақстандық Геннадий Головкиннен (36-0, 33 КО) өлердей қорқатынын мойындады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Америкалық осы қорқынышын GGG-ге қарсы басты қаруы етпекші. Джейкобстың пікірінше, үрей оның мүмкіндігін аша түседі.
"Әрине, бұл мен үшін шың, үлкен сынақ. Өлердей қорқамын. Кім қорықпасын? Бұл өмірдегі ең үлкен сынақ және менің қорқатыным жамандықтың белгісі емес, себебі адам әрі спортшы ретінде қорқынышың болуы тиіс. Сол үрей арқылы ыждаһатпен дайындалып, өзіңнен асып түсуің керек. Бұл қорқыныш өзің елестеткеннен де зор мүмкіндік ашуы мүмкін", - дейді америкалық боксшы.
Сонымен қатар, ол Головкиннен адам ретінде немесе спортшы ретінде емес, оны4 толысқан деңгейінен қорқатынын айтады. "Сондықтан мен әлемдегі ең қорқақ жігіт ретінде жаттығамын, бұдан мен одан бетер ашығамын. Қорыққан адам ең қауіпті болады деп жатады. Діттегенім осы", - деп мәлімдеді Джейкобс VRinge.com басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Желіде Джейкобстың жаттығуында түсірілген видео мен суреттер пайда болды.
Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йорк қаласында Madison Square Garden аренасында америкалық боксшы Дэниэл Джейкобспен (32-1-0, 29 КО) жұдырықтасатын болады. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі.