ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 21 қыркүйек 2017 09:31
Головкиннен жеңісті қалай тартып алды? Төрешінің сұхбаты мен толық талдау
YouTube хостингіндегі "Ветеран второразрядник" арнасының авторы Boxingscene.com сайтында жарияланған CompuBox статистикасына және төрешілердің жазбаларына жүгіне отырып, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегіне толық талдау жасады.
Боксшылардың барлық соққысын мұқият санап шыққан соң блогер төрешілердің қалайша қазақстандық боксшының пайдасына дауыс бермегені жайлы сауал қояды. "Мен Головкин жеңді деп ойлаймын", - деп айтып өтті ол.
YouTube хостингіндегі Artorias Boxing арнасы да осы жекпе-жекке талдау жасаған. Vesti.kz мәліметінше, арнада жарияланған видеода боксшылардың әр раундта жасаған таза соққылары көрсетілген.
Головкин - Альварес:
1-раунд: 8:8;
2-раунд: 11:8;
3-раунд:10:9;
4-раунд: 16:6;
5-раунд: 17:5;
6-раунд: 15:6;
7-раунд: 15:4;
8-раунд: 21:6;
9-раунд: 13:5;
10-раунд: 25:12;
11-раунд: 13:4;
12-раунд: 17:9.
Осылайша, соққылардың жалпы саны бойынша Головкин 181:82 есебімен жеңіп тұр.
Ал Los Angeles Times журналисі Анхель Родригес екінші төреші Дон Треллге назар аударуды сұрайды. Дон Трелл 7-раундта "Канелоға" дауыс берген, ал Моретти мен атышулы Аделаида Бердтің өзі бұл раундта дауысты Головкинге берген. Artorias Boxing мәліметіне сүйенетін болсақ, Головкин 7-раундты таза жеңіспен өткізді.
Сондай-ақ, Желіде 2013 жылы болған жекпе-жектердің бірі түсірілген видео пайда болды. Онда жеңісті 118-110 есебімен Альвареске берген төреші Аделаида Берд кейінірек өзінің әрекетін түсіндіріп берген.
Айта кетейік, 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен Головкин - Альварес жекпе-жегі 12 раундқа созылды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.
Ал кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу