Головкиннің бапкері "Канеломен" өтетін екінші жекпе-жекке қатысты екі сценарий ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкиннің бапкері "Канеломен" өтетін екінші жекпе-жекке қатысты екі сценарий ұсынды Геннадий Головкин мен Абель Санчес. © reviewjournal.com

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) бапкері Абель Санчес мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өткізетін екінші кездесуінің қалай аяқталатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) бапкері Абель Санчес мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өткізетін екінші кездесуінің қалай аяқталатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Біз кімнің техникасы мықты, кімнің қорғанысы мен күші жойқын екенін байқаймыз. "Канело" соққылар комбинациясын жасасын, біз де солай жасаймыз. Бұл жолы Сауль Альварес соққылар сериясын жасаймын деп, Генаны нокаутқа түсіремін деп әлек болып шаршайтын шығар, артынша өзінің есінен танғанын білмей де қалады. Екі боксшы үшін де бұл кездесу қиын болады. Бастапқы бес-алты раунд тым ауыр болады. Олар бір-бірінің үстінен жүріп өтпекші және олар осыны бастаған сәтте ауырлай түседі. Головкин басымдылыққа ие болып, 11 немесе 12-раундта нокаутқа түсіреді. Олай болмаған жағдайда төрешілердің шешімі бойынша сегізде-төрт немесе тоғызда-үш раундта жеңімпаз болады", - дейді Санчес.

Айта кетейік, қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кім мықтыны анықтай алмаған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети