Головкиннің бапкері "Канелоны" допингпен қулық жасап жүр деп айыптады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкиннің бапкері "Канелоны" допингпен қулық жасап жүр деп айыптады Геннадий Головкин және Абель Санчес. © vk.com/ggolovkin

Қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен қарымта жекпе-жекке қатысты туындаған жағдай бойынша пікірін білдірді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен қарымта жекпе-жекке қатысты туындаған жағдай бойынша пікірін білдірді.

"Канелоға" атын қайтарудың жалғыз жолы - көпшілік алдында сынға жауап беру. Бұл допингке ғана емес, ұтылып қалған алғашқы жекпе-жекке де қатысты. Ол көктен жерге түсіп, өзін Примадонна сезіне бермей, допингпен ұсталғанын мойындауы қажет. Сондықтан келесі жекпе-жекте біз кірістен басқа пайыз сұраймыз", - деді ол.

"Канелоның" командасы шаш сынамасын өткізген уақытта осындай тест өткізгелі жатқанын айтпады, тек қорытындысын мәлімдеді. Егер кінәсі еместігін дәлелдегісі келсе мұнысын алдын ала хабарлар еді. Бірақ ол ешқандай құлақтандыру айтқан жоқ. Бұл күдік тудырады. Егер тест қорытындысы басқаша болғанда ше? Мұны мәлімдер ма еді? Әрине, жоқ. Әділсіз адамдардың "тазарып", тесттен оңтайлы өтетін кестесі болады. Олар допингті қашан қабылдау керегін және циклдің қашан тоқтайтынын біледі. Енді ол үнемі VADA тестін тапсырып тұрар деген үммітеміз", - деп келтіреді Санчестің сөзін Behind the Gloves.

Еске салайық, Альварес биыл ақпанда допинг тесттен өте алмай, жарты жылға бокстан шеттетілген болатын. Ал 5 мамырда Головкинмен өткізуі керек болған жекпе-жек болмай қалды.

Осыдан кейін тараптар қарымта кездесуді қыркүйекте өткізу туралы келіссөздер жүргізді, бірақ, қаржы жағынан келісе алмады. Допинг дауы мен IBF белбеуінен айырылу қаупіне байланысты Головкин өз үлесін 50 пайызға көтеруді талап етті. Ал Альварестің командасы қазақстандыққа 35 пайыз ғана беруге дайын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети