Головкиннің барлық тісін қағып аламын деген промоутер тағы да жанжал шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкиннің барлық тісін қағып аламын деген промоутер тағы да жанжал шығарды видеодан үзінді

Түркиялық боксшы Авни Йылдырымның (16-0, 10 KO) промоутері Ахмет Онер ұлыбританиялық Крис Юбенкпен (25-1, 19 КО) өтетін жекпе-жек алдындағы баспасөз конференциясында жанжал шығарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркиялық боксшы Авни Йылдырымның (16-0, 10 KO) промоутері Ахмет Онер ұлыбританиялық Крис Юбенкпен (25-1, 19 КО) өтетін жекпе-жек алдындағы баспасөз конференциясында жанжал шығарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осы баспасөз конференциясы кезінде Онер Юбенк командасындағы бір адаммен ерегесуге дейін барды. Түркиялық промоутерді сабырға келтіру үшін ұйымдастырушылар мен Йылдырым командасының мүшелері араласты. 

Кейінірек Онер осы жағдайға байланысты Twitter желісіндегі парақшасында былай деп жазды: "Олқылықтар болып тұрады... Менің ар-намысыма, менің еліме және халқыма тіл тигізіп жатқанда жай қарап тұра алмаймын. Бұл Крис Юбенкке еш қатысы жоқ, ол жақсы жігіт әрі жақсы бокс көрсетеді. Мұның барлығы анау сұрқия үшін, ол рассистік пікірлерімен мені қоздырып жіберді".

Ұлыбританиялық боксшы Крис Юбенк пен түркиялық Авни Йылдырым арасындағы жекпе-жек 7 қазанда Штутгартта өтеді. 

Еске салайық, жыл басында Ахмет Онер қазақстандық Геннадий Головкин жайлы да былапыт сөздер айтқан еді. Ол түркиялық боксшының Геннадий Головкиннің барлық тісін қағып алатынына сенімді екенін жеткізген еді.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети