Головкиннің бұрынғы қарсыласы 16 қыркүйекте "Канело" жеңетініне сенімді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкиннің бұрынғы қарсыласы 16 қыркүйекте "Канело" жеңетініне сенімді © AKboxing

Америкалық кәсіпқой боксшы кіші Вилли Монро (21-2, 6 КО) бұрынғы қарсыласы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жекте кім жеңіске жететінін және бұл кездесудің қалай аяқталарына болжам жасады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық кәсіпқой боксшы кіші Вилли Монро (21-2, 6 КО) бұрынғы қарсыласы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жекте кім жеңіске жететінін және бұл кездесудің қалай аяқталарына болжам жасады. 

"Канело" жеңеді, Головкинмен жұдырықтасқаннан кейін де айтарым осы. Рингтен шыға салысымен, 14 минут өте менен кім жеңеді деп сұрады, мен "Канело" деп жауап бердім. Иә, 15 минут бұрын ғана Головкинмен жұдырықтасып жаттым, әлі ес жимаған болармын. Бірақ білесіз бе? Мен үшінші-бесінші раундта инсайдта жақсы жұмыс жасап, Головкинннің орта қашықтықта жақсы жұдырықтасатынын байқадым. Ал оған тақалып алса, епсіз болып қалады. Қашықтықта ол расында өте қауіпті. "Канелоны" жеңудің жалғыз жолы - аяқ. "Канело" корпусын жақсы қозғайды, қарымта шабуылдайды және инсайдта жақсы жұмыс істейді. Ал оны жеңу үшін аяқтың жылдамдығы керек. Басқаша оған қиындық туғызу мүмкін емес. "Канело" қарсыласының оған тіке жүргенін қалайды, қарсы шабуылдайды және ол Головкиннен жылдам. Меніңше "Канело" тоғызыншы, не оныншы раундта Головкинді тоқтатып тастайды", - дейді Монро BoxNation TV арнасына берген сұхбатында. 

Еске салайық, Монро 2015 жылдың мамырында Головкинмен жұдырықтасқан еді. Жекпе-жек Калифорния штатындағы Инглвуд қаласында өтті. Монро үш рет нокдаунға түсіп, техникалық нокаутпен жеңілген болатын. 

Альварес пен Головкин арасындағы жекпе-жек Лас-Вегастағы 20 мың адамдық T-Mobile аренасында өтеді, ал осы күні Лондонда Монро WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерспен жұдырықтасады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети