Головкиннің келесі жекпе-жектен алатын сыйақысы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкиннің келесі жекпе-жектен алатын сыйақысы белгілі болды Геннадий Головкин. Фото: boxingscene.com

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) DAZN стриминг сервисіндегі алғашқы жекпе-жегінен алатын сыйақысы белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) DAZN стриминг сервисіндегі алғашқы жекпе-жегінен алатын сыйақысы белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz

GGG 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жекпе-жек өткізеді, қарсыласы - әлі жеңілмеген канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО. Кездесу 164 фунт салмақ дәрежесінде өтеді. Бұл Головкин мен DAZN стриминг сервисі арасындағы үшжылдық келісімшарт аясында өтетін алты жекпе-жектің алғашқысы болмақ.

Boxingnews24.com журналисі Аллан Фокстың ақпараты бойынша, бұл жекпе-жек үшін Головкин 15 миллион доллар алуы мүмкін. 

"Головкин Роллспен кездесу үшін 15 миллион доллар алады деген қауесет тарап жатыр. Бұл жекпе-жек деңгейіне сай келмейтін ақша. DAZN Головкин мен оның менеджментіне платформадағы дебюті үшін оңай кездесу ұсынған болар. Бірақ Роллспен жекпе-жектен кейін GGG өзінің келісімшартын Сауль Альварес, Дэниэл Джейкобс, Деметриус Андраде мен Джермалл Чарло секілді "арыстандарға" қарсы кездесулерде ақтайды", - деп жазды журналист. 

Айта кетейік, Головкин өзінің соңғы жекпе-жегін былтыр қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткізген еді. Сол кезде ол мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (51-1-2, 35 КО) төрешілер шешімімен ұтылып, орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айырылған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети