Головкиннің Мюрреймен жекпе-жек алдындағы жаттығуының видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкиннің Мюрреймен жекпе-жек алдындағы жаттығуының видеосы жарияланды Геннадий Головкин. ©boxingscene.com

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің Мартин Мюрреймен болатын жекпе-жекке дайындығы түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Vesti.kz "Вконтакте" желісіндегі "Геннадий GGG Головкин" тобына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің Мартин Мюрреймен болатын жекпе-жекке дайындығы түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Vesti.kz "Вконтакте" желісіндегі "Геннадий GGG Головкин" тобына сілтеме жасап.

Топтың мәліметінше, Геннадий Головкин жекпе-жекке дайындық кезеңінде соңғы жүгірісін өткізген. 15 ақпан күні оның командасы Монте-Карлоға ұшып кетті. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Айта кетейік, бұған дейін Геннадий Головкин мен ағылшын боксшысы Мартин Мюррейдің жекпе-жектен бір апта бұрынғы салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өткені хабарланған еді. 

Геннадий Головкин мен ағылшын боксшысы Мартин Мюррей арасындағы жекпе-жек Монакода 22 ақпанға қараған түні өтеді. Оны әлем бойынша HBO телеарнасы, Қазақстан бойынша "Қазақстан" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Жекпе-жек Астана уақыты бойынша сағат 04.45-те басталады.

Екі боксшы үшін де бұл жекпе-жек кәсіби алаңдағы 32-кездесу болады. Головкин бұған дейінгі кездесулерінің бәрінде жеңіске жеткен. Оның ішінде, 28 жекпе-жектің 18-ін қатарынан мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтады. Мюррей өз кездесулерінде 29 рет жеңіп, бір рет жеңілген, бір рет тең түсті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети