Головкиннің нокаутқа түсуі уақыт еншісінде - бапкер Головкин-Альварес жекпе-жегі жайында

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкиннің нокаутқа түсуі уақыт еншісінде - бапкер Головкин-Альварес жекпе-жегі жайында © sportsdaily.ru

Екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпион Дэнни Гарсияның (33-1, 19 КО) әкесі әрі бапкері Анхель Гарсия қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы қарымта жекпе-жек жайында өз ойын бөлісті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпион Дэнни Гарсияның (33-1, 19 КО) әкесі әрі бапкері Анхель Гарсия қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы қарымта жекпе-жек жайында өз ойын бөлісті.

Оның сөзінше, қарымта жекпе-жекте "Канело" батыл қозғалатын болады. Өйткені ол қарсыласын зерттеп алды. Анхельдің айтуынша, мексикалық өзі үшін жаңа салмақты қалай игеретінін бағамдады.

"Жеңу үшін Головкинді нокаутқа түсіруі керек болады. GGG жақын келгенінде "Канелоға" басын төсеп жүрді. Альварес үшін бұл жақсы. Бірінші жекпе-жекте ол байқап жұдырықтасты. Ол салмақ көтерді, дегенмен, Головкиннің өзінен ірілеу екенін сезді. Сондықтан абай болды. Енді Головкинді жеңе алатынына көзі жетті. Ол өзіне қолайлы категорияда екенін біледі. Ол орта салмақтың боксшысы. Не істеуі керегін біледі. Олардың бірі орта салмақтың патшасы атану керек. Дегенмен Головкин жас емес, 36 жаста, дұрыс па? Өткен жекпе-жекте ол соққыны көп өткізді, уақыт өте оны біреу нокаутқа түсіреді. Ерте ме, кеш пе болады. Жекпе-жектерін көрсеңіз, оны жиі соққы өткізіп жүргенін байқауға болады. Сондықтан нокаут - уақыт еншісінде", - дейді Гарсия Tha Boxing Voice радиосына.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 5 мамырға белгіленген. Әзірге өткізетін орын таңдалмады. Лас-Вегас пен Нью-Йорк басты орындар ретінде қарастырылып отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети