Головкиннің промоутері қыркүйекке қарсылас таңдау бойынша ойын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкиннің промоутері қыркүйекке қарсылас таңдау бойынша ойын айтты

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35 КО) промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшыға келесі қарсылас таңдауға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

9 маусымда Головкин DAZN-дағы алғашқы жекпе-жегін өткізіп, Нью-Йоркте канадалық Стив Роллсты нокаутпен жеңген болатын. Жекпе-жектен соң Головкин Альваресті трилогияны аяқтауға шақырған еді.

Алайда мексикалық қазақстандықпен үшініш жекпе-жекке құылықсыз, оның орнына Альварес жартылай ауыр салматағы WBO чемпионы ресейлік Сергей Ковалевпен (33-3-1, 28 КО) жұдырықтасып, төртінші салмақты бағындырмақ ниетте.

"Мен қарсыласты таңдау үдерісіне ресми пікір білдіре алмаймын, бірақ, әлбетте "Канело" бірінші орында. Егер қандайда бір себептермен олай болмай қалса, Головкин және DAZN-мен бас қосып, баламасын қарастырамыз", - деп келтіреді Леффлердің сөзін Yahoo! Sports.

Ал инсайдер Майк Коппинджер қыркүйекте Головкин өзге мексикалық - бірінші орта салмақта WBO чемпионы Хайме Мунгиямен (33-0, 26 КО) жұдырықтасуы мүмкін екенін айтады.

Копинджердің ақпаратынша, "Канело" жарақатына байланысты осы күзде жұдырықтаспауы мүмкін. Осыған байланысты оның рингке оралуы жыл соңына шегеріледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети