Головкиннің қазақстандық жанкүйерлері Джейкобске ерекше видеожолдау жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкиннің қазақстандық жанкүйерлері Джейкобске ерекше видеожолдау жасады

Қазақстанның Street Workout федерациясының залы қабырғасында қарсыласын нокаутқа түсіріп жатқан Геннадий Головкиннің суреті пайда болды. Сурет граффити стилінде салынған және бұл жанкүйерлердің қазақстандық боксшының Дэниэл Джейкобспен алдағы жекпе-жегіне тартуы екен. Бұл туралы Sputniknews.kz жазды.

Бес метрлік суретте үшінші раундтың он бесінші секундында Головкин америкалық боксшыға естен тандыратын соққы жасағаны бейнеленген. Осыдан Джэйкобстың басын айнала шымшықтар ұшып жүр және капасы да аузынан ұшып кеткен.

"Біздің федерация Головкинді осындай ерекше түрде қолдағысы келді. Біз оның Джейкобсты сөзсіз жеңетініне сенеміз. Бүгінде бұл Головкиннің Астанадағы ең үлкен суреті. Головкиннің осы сурет аясында селфиге түскісі келген жанкүйерлерін біздің залымызға келуін күтеміз", - дейді Қазақстанның Street Workout федерациясының президенті Дамир Мүмінов.

Астаналық воркаутшылар бұл суретті Джэйкобстың жақында айтқан сөзіне жауап ретінде салған. Сонымен бірге, спортшы жігіттер видеоролик те түсіргенін айта кету керек.

"Сурет салып, Джекобсты мазақ еткен видеоролик түсіру ойы Дэниеэлдің өз салмағындағы ең мықты екенін және оның адамдары оған таудай тірек боларын айтқаннан кейін бірден пайда болды. Джейкобс бұл суретті көріп, Головкинннің жанкүйерлері оған жақтасатындардан асып түсерін түсінеді деген үміттеміз", - дейді белгілі воркаутшы Ислам Бадургов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети