Головкиннің Астанадағы жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкиннің Астанадағы жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды © vk.com/Геннадий GGG Головкин

Геннадий Головкиннің жекпе-жегі 17 шілдеде "Астана Арена" стадионында өтеді. Бұл туралы Дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Берік Маржықпаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкиннің жекпе-жегі 17 шілдеде "Астана Арена" стадионында өтеді. Бұл туралы Дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Берік Маржықпаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жекпе-жектің 17 шілдеде өтетіні белгілі болды. Головкин қолын қойды. "Астана Аренада" ұлыбританиялықпен жұдырықтасады. Сондықтан дайындалыңыздар, ақша жинаңыздар, билеттер арзан болмайды деген ойдамын. Екі аптада бәрі анық болады. Кәсіпқой бокс бизнеске айналып кетті ғой. Меніңше, билет бағасы 10-15 мың теңге болады", - дейді ол.  

Еске салайық, 18 наурызда Дэниэл Джейкобспен жекпе-жектен кейін Головкиннің келесі кездесуі Астанада өтеді деген сөз тараған болатын. Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен наурыз айының соңында қазақстандық боксшының командасымен келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеген еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course down  603.27  course down  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети