20 сәуір 2020 | 11:01

Головкиннің бапкері "Канеломен" жекпе-жекке қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Фото: Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) бапкері Джонатан Бэнкс iFL TV арнасына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) үшінші жекпе-жек қыркүйекте өтпейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Орта салмақта IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) бапкері Джонатан Бэнкс iFL TV арнасына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) үшінші жекпе-жек қыркүйекте өтпейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алдымен Головкин IBF титулына міндетті қарсылас польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) кездесу өткізбек.

Реклама
Реклама

"Канелоның" командасы қыркүйектегі жекпе-жекке қатысты қоңырау шалды, мен бас тарттым. Біз Шереметамен кездесу өткізіп, одан кейін тағы бір жекпе-жек жоспарлап отырмыз. Содан кейін ғана "Канеломен" жұдырықтасуға дайын боламыз. Мұның алдында Альварестің командасына жұдырықтасуға дайын екенімізді айтқанбыз, бірақ біздің ұсыныстан бас тартқан. Ол қалағанын жасады. Енді "Канело" Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келеді. Бірақ Головкинде өз жоспары бар. Жекпе-жекке шыққысы келсе, ол кейін болады", - дейді Бэнкс. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная