04 тамыз 2017 | 10:11

Головкиннің бапкері қазақстандықтың спорттан қашан кететінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының кәсіпқой бокстан қашан кететіні туралы өз ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz boxingnews24.com порталына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының кәсіпқой бокстан қашан кететіні туралы өз ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz boxingnews24.com порталына сілтеме жасап.

Санчестің ойынша, Головкин кәсіпқой бокста әлі бірнеше жыл өнер көрсетеді. 

"Головиннің жасы 35-те. Менің ойымша, ол тағы 3-4 жыл жұдырықтасады", - деді Санчес. 

Осыған дейін Головкиннің бапкері америкалық Джермалла Чарлоның айтқандарына, яғни Головкинмен шаршы алаңда кездескісі келетіні туралы пікір білдірген болатын. 

Оның ойынша Головкин Билли Джо Сондерспен кездескен тиімді, ал әзірге бар күшін Сауль Альвареске жұмсауы тиіс.  

Айта кетейік, қазіргі уақытта отандасымыз Big Bear жаттығу лагерінде "Канелоға" қарсы өтетін кездесуіне дайындалып жатыр.

Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети