18 қыркүйек 2022 | 08:23

Головкиннің бапкері шәкірті туралы шындықты айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: ©Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) бапкері Джонатон Бэнкс мексикалық Сауль Канело Альвареспен (57-2-2, 39 КО) үшінші кездесуі алдында GGG-дің екінші орта салмаққа ауысуын кемшілік деп санамайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) бапкері Джонатон Бэнкс мексикалық Сауль Канело Альвареспен (57-2-2, 39 КО) үшінші кездесуі алдында GGG-дің екінші орта салмаққа ауысуын кемшілік деп санамайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірақ ол Геннадий жаңа салмақта мықтырақ болып кетпегенін атап өтті.

"Менің ойымша, оған бұл жекпе-жек басқаларымен бірдей болады. Ол мұны дәл осылай көреді. Ол ауыр салмаққа, 200 фунтқа ауысқан жоқ. Ол қазір әдеттегіден төрт келіге артық. Онша айырмашылық болмайды... Бұл жаман да емес, жақсы да емес. Ол бұл салмаққа келісіп, "Кеттік!" деді. Ол 76,2 келіде мықты бола түспейді. Оның күші қай салмақ дәрежесінде болса да сақталып қалады.

Ол нағыз орта салмақтағы боксшы және өмірін боксқа арнаған. Егер сіз өз ісіңізге адал болсаңыз және нағыз орта салмақтағы боксшы болсаңыз, мұны істеу қиын емес", - деп келтіреді бапкердің сөзін Boxingscene.com.

Еске салайық, Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек 18 қыркүйекте таңатпай Лас-Вегаста өтеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети