Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин WBA тұрақты чемпионы Дэниэл Джейкобсты жеңген жағдайда бұл титуын қорғауға міндеттеледі, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Worldboxingnews.net порталының мәліметінше, Халықаралық бокс федерациясы (IBF) ұйымның бірінші үміткері багамалық Труено Джонсқа қарсы қою үшін Головкин - Джейкобс жекпе-жегінің жеңімпазын күтіп отыр. "Головкин - Джейкобс жекпе-жегінде жеңіске жеткен боксшы IBF титулын қорғайды деп күтіп отырмыз", - деп мәлімдеді IBF басшысы Линдси Такер.
Алайда Головкин WBO бойынша чемпион ұлыбританиялық Билли Джо Сондерспен кездесуге келіссе, Джонсонспен кездеспеуі де мүмкін.
Еске салайық, Головкин 18 наурызда Нью-Йорк қаласасында Madison Square Garden аренасында америкалық боксшы Дэниэл Джейкобспен (32-1-0, 29 КО) жұдырықтасатын болады.