Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен жеңіліп көрмеген канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) арасындағы жекпе-жектің билет бағасы қанша болатыны анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек 8 маусымда Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл Головкин мен DAZN стриминг сервисі арасындағы үшжылдық келісімшарт аясында өтетін алты жекпе-жектің алғашқысы болмақ.
Кездесу 164 фунт салмақ дәрежесінде өтеді. Бұған дейін қазақстандық боксшы орта салмақта, 160 фунтта өнер көрсеткен еді.
Головкин - Роллс кездесуіне арналған алғашқы баспасөз мәслихаты 22 сәуірде Нью-Йоркте өтеді. Ал екіншісі 23 сәуірде Лос-Анджелесте болады.
Бокс кешінің билеттері 20 сәуірде сатылымға шығады. Оның ең қымбаты 750 доллар болмақ. Ал ең арзан билет 50 доллардан сатылады. Сондай-ақ, бокс кешіне 500, 300, 200 және 100 долларға билет сатып алуға болады.
Айта кетейік, Головкин өзінің соңғы жекпе-жегін былтыр қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткізген еді. Сол кезде ол мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (51-1-2, 35 КО) төрешілер шешімімен ұтылып, орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айырылған болатын.