Головкиннің келесі қарсыласы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкиннің келесі қарсыласы анықталды Фото ©Тұрар Казанғапов

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні және кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды. Ол мексикалық Хайме Мунгиямен кездесіп, орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуін қорғайды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні және кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды. Ол мексикалық Хайме Мунгиямен кездесіп, орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуін қорғайды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

RingPolska басылымының мәліметіне сүйенсек, Головкин мексикалық боксшыға қарсы жекпе-жек өткізеді. Кездесу 7 мамырда АҚШ-тың Техас штатында өтеді. Қос тарап бірнеше апта бойы келіссөз жүргізіп жатыр.

Мунгия - бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы. Головкиннің дивизионында екі жекпе-жек өткізген. Ол алдымен ирландиялық Гэри О'Салливанды, кейін багамалық Туреано Джонсонды жеңген.

Головкинге қарсылас болуы мүмкін тағы бір боксшы - WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде. Бірақ, ол міндетті үміткер ұлыбританиялық Лиам Уильямспен жекпе-жек өткізуі керек.

Айта кетейік, Головкин кейінгі жекпе-жегін 2020 жылы желтоқсанда АҚШ-та өткізген болатын. Сол кезде поляк Камил Шереметаны нокаутқа түсіріп, 21-рет әлем чемпионы атағын қорғаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети