WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлемнің экс-чемпионы, австралиялық Дэниэл Гил болады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жекпе-жек 26 шілдеде Нью-Йорктегі 20 мың көрерменге арналған үлкен Madison Square Garden аренасында өтеді және HBO телеарнасы арқылы көрсетіледі.
Бұған дейін Головкиннің промоутері Том Леффлер Бүкіләлемдік бокс қауымдастығына (WBA) Гилмен кездесу үшін, австралиялық Джаррод Флетчермен чемпиондық атағын міндетті түрде қорғауға тиісті жекпе-жегін кейінге шегеру туралы өтініш жасаған болатын.
Гил мамыр айының соңында британдық Мэттью Маклинмен кездесуі керек болатын. Алайда осы кештегі ең негізгі жекпе-жекке шығуы тиіс Майк Перестің жарақаттанып қалуына байланысты бұл кездесу әлі анықталмаған мерзімге дейін шегерілген. Осыған байланысты Гилдің Головкинмен жұдырықтасуына мүмкіндік пайда болып отыр. Өз кезегінде Головкиннің де Хулио Сезар Чавес-кіші бас тартып, кезекті жекпе-жегі өтпейтін болған.