10 мамыр 2018 | 15:14

Головкиннің келесі қарсыласы кім болуы мүмкін?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/ggolovkin © vk.com/ggolovkin

Америкалық белгілі бокс шолушыларының бірі Дэн Рафаэль ESPN сайтында жариялаған материалында қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен келісімге келе алмаған жағдайға жақсы қарсылас болатын боксшылар тізімін жасады.


Иконка комментария блок соц сети

Америкалық белгілі бокс шолушыларының бірі Дэн Рафаэль ESPN сайтында жариялаған материалында қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен келісімге келе алмаған жағдайға жақсы қарсылас болатын боксшылар тізімін жасады.

Головкин мен "Канело" 2018 жылдың 5 мамырында қарымта жекпе-жек өткізу керек болатын, алайда, мексикалық допинг-тесттен өте алмады және бокстан шеттетілді. Мексикалық боксшының орнына Головкинмен Ванес Мартиросян жұдырықтасты.

"Канелоның" бокстан шеттетілу уақыты қыркүйектің ортасында аяқталады. Головкиннің өзі мексикалықпен кездесуге ниетті екенін білдірді. Дегенмен Альварес - Головкин жекпе-жегі тағы өтпеуі мүмкін деген қауесеттер шығып отыр. Осыған байланысты Дэн Рафаэль Головкинмен шршы алаңда көргісі келетін боксшылар тізімін жасады.

Бұл рейтингте бірінші - жеңіліп көрмеген америкалық Джермалл Чарло (27-0, 21 KO), ол орта салмақта WBC тұжырымы бойынша "уақытша" чемпион, сонымен қатар, Головкинге міндетті қарсылас.

Екінші британиялық Билли Джо Сондерс (26-0, 12 KO), Головкинге абсолют чемпион болу үшін жетпей тұрған WBO белбеуіне ие. Үшінші Головкиннің IBF желісі міндетті қарсыласы украиналық Сергей Деревянченко (12-0, 10 KO).

Төртінші америкалық Дэниэл Джейкобс (34-2, 29 KO), ол 2017 жылдың наурызында Головкинмен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен ұтылған.

Сонымен бірге, бұл тізімде WBA ұйымының regular чемпионы Риота Мурата (14-1, 11 KO) және америкалық Деметриус Андераде (25-0, 16 KO) бар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети